Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Жастар «Абай» журналының жаңа шығарылымымен танысты

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы әмбебап кітапхананың «Bilim ortalyǵy»-ында жастардың рухани құндылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет аясында Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ШҚО жастар мен балалар қауымдастығы Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен әдеби сағат өткізді.

Жастар «Абай» журналының жаңа шығарылымымен танысты

- Шара барысында республикалық «Абай»  журналының жастар жылына арналған арнайы шығарылымы таныстырылып, журналға өлеңдері шыққан ақындар жарық көрген шығармаларын ортаға салды,- деді маман Думан Кенжеғазин,-отырыс қорытындысы бойынша алдағы уақытқа жоспарлар белгіленіп, жастар жылы аясында атқарылатын шығармашылық шаралардың өту барысы талқыланды.

Шараға Республикалық Абай журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов және жас ақындар қатысты. «Мені жастардың шығармашылыққа, өлеңге деген қабілеті қуантады қолдан келсе жастар жылы аясында тағы бір журналдың бөлімін жастарға арнауға тырысамыз»,- деді Абай журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов.

Думан Кенжеғазиннің айтуынша, Семейде Жастар жылына орай тағы да басқа игілікті шаралар молынан ұйымдастырылуда. Мәселен, Семей қаласы ішкі саясат бөлімі «Ауыл жастарының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған» әлеуметтік қызметі аясында Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Шүлбі кентінің жастарына арналған оқыту семинар-тренингін өткізді. Тренинг аясында ауыл жастарының көшбасшылық қабілетін арттыруға бағытталған арнайы тәсілдер қолданылып, қызықты ойындар ойнатылды. Шара соңында Шүлбі кентінің әкімі П. Оралбаеваның қатысуымен жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша бірқатар мәселелер қаралып, жастардың ұсыныстары тыңдалды. Кеңес қорытындысы бойынша Шүлбі кентінің жастар ісі жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше