Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Елордалық полицейлер қала мен саяжайларда рейд жүргізуде

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полицейлер «Стоп-қылмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 180 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Елордалық полицейлер қала мен саяжайларда рейд жүргізуде

Қалалық тәртіп сақшылары қаланың шет аудандарын, соның ішінде саяжайларда жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізуде. Саяжай, гараж қоғамдарының, ТҚС, металл сынықтарын қабылдау пункттерінің және т. б. орындарда рейдтер жүргізді. 

Іс-шара аясында 20-дан астам шетел азаматтары республикада болу ережелерін бұзған. Сондай-ақ 20 техникалық қызмет көрсету станциясы, 18 металл қабылдау пункті тексерілді. Тексеру барысында өрт сөндіру жеңдері, аккумуляторлар, автомобиль магнитолдары, айналар және есептен шығарылған мемлекеттік тіркеу нөмірлері, кабельдер мен велосипедтер табылды. 

Анықталған 180 әкімшілік құқық бұзушылықтар - белгіленбеген орында сауда жасау, суды пайдалану ережелерін бұзу, ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдіктерді ішу, тіркеусіз тұру сынды құқық бұзушылықтарға тиесілі. 

Бұдан басқа, полиция қызметкерлері 5 бөтен мүлікті ұрлау, 2 автокөлікті айдап әкету, 4 есірткі заттарын тарату қылмыстарын анықтады.


Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше