Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Семейлік Азат Сарпеков Елбасына жыр эстафетасын жолдады

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейдегі электротехникалық колледждің директоры Азат Сарпеков Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ұлы ақынның өлеңін Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің қабырғасында оқып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ұсынып отыр.

Семейлік Азат Сарпеков Елбасына жыр эстафетасын жолдады

 Азат Сарпеков ІТ технологияларды жаңадан шығару бойынша күн-түн демей жаңа жобаларды зерттеумен қатар, робототехника бойынша  маңызды дүниелерді жетілдіре түсумен айналысып келе жатқан елімізге танымал талантты жас басшылардың бірі. Ол Елбасы – Тұңғыш Президентімізге эстафетаны ұсынуы туралы былай дейді:

- Мен Сарпеков Азат Толқынұлы, Семей қаласы электротехникалық колледжінің директоры. Ұлы хәкім Абайдың 175 жылдығына орай қаракөз қарындасымыздың бастамасымен бастау алған өлең оқу эстафетасын «Jas Otan»   жастар қанатының Семей қалалық бөлімшесінің жетекшісі Алмас Айтмұқаштан қабыл алып, ұлт жанашыры, жастар жылының бастамасына тиек болған, Мемлекетіміздің тұңғыш президенті, халқымыздың біртуар тұлғасы Нұрсұлтан Әбішұлына жолдаймын. Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті және сайты арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы эстафетамды қабыл алса деген өтініш айтамын.


Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, 
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 
Жол да жоқ жарыместі «жақсы»  демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

СЕМЕЙ