Сонымен қатар 100-ден астам жобалар белсенді жүзеге асырылған болса, ағымдағы жылдың осы мерзіміне дейін 6 жоба әзірленген. 37 жоба тауар өндіру, қызмет көрсету мақсатында жұмыс істей бастаған. Бұл жобалардан түскен табыс көлемі 1 миллиард теңгеге жуықтайды. Ал «Jinalikе» (Жиналайық) IT технологиялар бойынша алғашқы жоба. Жоба қызметі іздестіру жұмыстарын жедел атқаратындықтан, уақыт үнемдеу, қызмет сапасын арттыра түсуге мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты және атқаратын міндетімен таныстырған «Flow System» ЖШС директоры Данияр Илиевтің айтуынша, IT мамандар екі жыл ішінде дайындық жұмыстарын жасап, қодданысқа енген күннен бергі бес ай мерзімде 65 млн теңге шамасында табыс тапқан.
«Q-conference көптеген іскерлік шараларға арналған залдар, коворкингтер мен хостелдерді іздеу және брондауға арналған платформа ретінде танылған алаң. «Ғылым қорынан» 300 миллион теңге көлемінде грант алып, маркетингтік бағыттағы, сондай-ақ жаңа жобаның даму бағытындағы іс-шаралар атқарылған. Заманауи платформа іскерлік саласы өкілдеріне ең қолайлы алаң» деп атап өтті Данияр Илиев.
Ұялы телефон арқылы бизнес алаңдар ұйымдастырып, уақыт үнемдеуге қолайлы жүйе екендігін компания мамандары кеңейтілген түрде түсіндіріп өтті. Брендті қазақша «Jinalikе» қарапайым сөзі арқылы топтап, сипаты мен мақсатын бір сөз аясына сыйдырып, түсінуге ыңғайлы етіп жасауға тырыстық, дейді жоба ұйымдастырушылары.