Үкімет • 20 Шілде, 2019

Асқар Мамин «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазарту бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Экологиялық акция қатысушыларына сөзін арнаған Үкімет басшысы барлық өңірлердің әкімдерін, экологиялық белсенділерді, жастар ұйымдары мен еріктілерді осы бастаманы қолдауға шақырды.

«Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», деді Асқар Мамин.

Акцияға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Ақмола облысының әкімі, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер бар.