Спорт • 20 Шілде, 2019

Махмұт Сабырхан Президент кубогінің үздік боксшысы атағын иеленді

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда бокстан Президент кубогі додасы жалғасуда. Бірнеше салмақ бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Ал турнирдің ең шебер боксшысы атағы Махмұт Сабырханға берілді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Махмұт Сабырхан Президент кубогінің үздік боксшысы атағын иеленді

52 келіде жұдырықтасқан Махмұт финалда Сәкен Бибосыновқа есе жіберді. Десе де, төрешілер алқасы ең үздік боксшы атағына Махмұт Сабырханды лайық деп тапты.  

Айта кетейік, ерлер арасындағы екі финалдық кездесу өткізілген жоқ. 63 келідегі Зәкір Сафиуллин жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартып, үндістандық Шива Тапа жарыс жеңімпазы деп танылды.  

Сондай-ақ 81 келідегі ақтық сын Бекзат Нұрдәулетовтың жарақатына байланысты өткен жоқ. Бұл салмақта Ерік Әлжанов жеңімпаз атанды.