Аймақтар • 22 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда 4 бала уланып, біреуі қайтыс болды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Уәлиханов ауданындағы көпбалалы отбасында болды.

Солтүстік Қазақстанда 4 бала уланып, біреуі қайтыс болды

Бір  үйдің төрт баласы жақын маңайдағы орманға барған.  Шамасы олар аса улы өсімдік саналатын қасқыр жидегін жеп қойған тәрізді.

Үйлеріне келгеннен кейін бастары айналып өздерін жайсыз сезінген. Жүректері айнып, лоқсыған. Аналары ешнәрседен күдіктенбеген. Тек бес жастағы сәби ұйықтаған күйі оянбағаннан  кейін ғана дабыл қаққан. Үш бала санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген

«11 және 8 жасар жеткіншектер мен 8 айлық нәресте ауруханаға жатқызылды. Балалар  белгісіз жидекті жегендерін айтты. Келіп түскен кезде үшеуінің де жүрегі айнып, лоқсыды, іші өтті. Балалардың жағдайы өте ауыр болатын. Ем-дом дезинтоксикациялық терапияға бағытталды. Келесі күні балалар тәуірленіп, нефрология бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты, ауруханадан шықты»,  дейді облыстық балалар ауруханасының анестезиолог дәрігері Екатерина Живнодей.

Солтүстік Қазақстан облысы