Руханият • 23 Шілде, 2019

Ұлы есімдер ұлықталады

519 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыруға байланысты Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында аясында «Ұлы даланың ұлы есімдерін» анықтау тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, қазіргі кезде осы бағытта кешенді жұмыстар қолға алынуда.

Ұлы есімдер ұлықталады
Қазіргі кезде жобаны жү­зеге асыруға республиканың өңір­­леріндегі ғалымдар жұмыл­ды­­рылып отыр. Ұлы есімдер тізі­мін жасауға тарихшылар ғана емес, ғылымның барлық саласында еңбек етіп жүрген мамандар да атсалысуда. Алдағы уақытта жалпы зерттеулер мен ізденістер негізіндегі ақпараттар мультимедиалық порталда жарияланатын болады. Осы тізімге орай елорда төрінде салтанат құ­ра­тын ұлы тұлғалар саябағы ұлт келешегінің жарқын көрінісі мен мақтанышы болуға тиісті деп санайды мамандар.

Бағдарламаның басты мақ­саты тарихтан орын алған тұлға­лар­­дың өмірі мен қызметін зерт­­теу, ұрпаққа таныту, солар ар­қылы өткенді, тарихи сананы жаң­ғырту дейтін болсақ, ендігі кезек­те еліміздің тарихи кезеңдерін кеңі­нен қамти отырып, кәсіби қауым­дастықтардан қолдау тап­қан, ғылыми-негізделген кәсіби қауымдастықтардың ұсыныс-пікірлері басты назарда болады.

Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде Ұлы даланың тарихында өшпес рөл атқарған тұлғаларды қазақ халқына қайтаруға бағытталған ғылыми-зерттеулер жасалды, ғылыми монографиялар, мақа­лалар әзірленді.

Ұсынылған жобаның тұжы­рым­дамасын іске асыру «Ұлы дала­ның ұлы есімдерінің» өмірі мен қызметі туралы ғылы­ми дерек­терді және материалдар­ды айналымға енгізуге мүмкін­дік берумен қатар, оқу-ағарту­шы­лық энциклопедия-саябағы инте­рактивті картасын жасауға, геоақ­параттық технологиялар­­ды, мультимедиялық қосымша­лар­ды пайдалану арқылы ұлы тұл­ға­лардың өмірі, қызметі­мен танысу мүмкіндігіне қол жет­кізеді. Сондай-ақ Қазақстан мен қазақ халқының тарихи-мә­де­ни мұраларын әлемге танымал етудің тиімді тетіктері әзірленіп, отан­дық, аймақтық және халық­аралық деңгейде тарихи мұра­лары­мызды насихаттауға кеңінен мүмкіндік ашылатыны анық.

 

Тимур ӘПЕНДИЕВ,

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі, PhD

 

АЛМАТЫ