Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 16 адам суға кеткен

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, суға кеткендердің 8-і - бала. Олардың 5-уі үлкендерсіз өз бетімен шомылуға барғандығы анықталды.

Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы 16 адам суға кеткен

Өткен аптаның демалыс күндері 5 бала суға кетіпті. Мамандар балаларды бір сәтке де қараусыз қалдыруға болмайды, суға түсуде сақтық шараларына назар аудартып, дабыл қағуда.

Жалпы өңірде суға шомылуға болатын 29 орын бар. Қауіпті аймақтарға 141 белгі орнатылды. Тұрғындардың су жағасына келіп осы рұхсат етілген орындарда демалуларына болады.

Оқыс оқиғалар орын алған жағдайда өңірде арнайы сүңгуірлік топ жұмыс істейді. Олар ақысыз қызмет көрсетеді. Ал, сақтық ережелеріне құлақ аспаған 100 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ бүгінде төтенше жағдайлар өкілдері мен жергілікті полиция қызметі және еріктілер тобы жағалауларда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін 125 рейдтік шара ұйымдастырылып, 13135 жадынама парақшалар таратылған. Мамандардың айтуынша, өңірде суға түсуге болмайтын бірнеше жер анықталған. Мысалы, Ақтоғай ауданы орталығындағы жағажай бойында тереңдігі 5 метрге жуық құлама жар бар. Сондай-ақ Аққулы ауылы мен Шарбақты ауданының орталығында тиісті инфрақұрылым құрып, демалушыларға жағдай жасау қажет.