Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Қызылордада «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды

2642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада баспаналы болуға арналған жаңа әлеуметтік бағдарламаға құжат жинау басталды деп хабарлайды өңірлік Коммуникациялар баспасөз қызметі.

Қызылордада «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды

«Бақытты отбасы» бағдарламасы деп аталатын жаңа бағдарлама 3 санат бойынша азаматтардан құжат қабылдайды. 4 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасы, отбасында мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар бағдарламаға қатыса алады. Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифингте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев мәлімдеді.

Айту керек, бағдарламаға қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыстың мөлшері 42500 теңгеден аспауы керек. Мәселен, егер отбасы 5 адамнан тұратын болса, онда оның жалпы кірісі 212500 теңгеден артық болмауы тиіс. Яғни, бұл бюджеттік жәрдемақы емес, жұмыс орнынан берілетін қаражат болуы шарт.

Құжаттар шілденің 22-26-сы аралығында қабылданады. Ескеретіні, пәтер құны 10 мл теңге болған жағдайда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында төлем мөлшері алғашқы 8 жыл ішінде алдын ала займ бойынша 52600 теңгені құраса, ал қалған 11 жыл бойы тұрғын үй займы бойынша 36 мың теңгеден төленуі керек.