Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда автобус паркі толықты

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында 270 қоғамдық көлік қатынағанымен, көбі ескі, жаңартуды қажет етеді.

Солтүстік Қазақстанда автобус паркі толықты

Бұл жөнінде аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың арнайы тапсырмасы да бар. Жақында  9-ші бағыт бойынша 4 қоғамдық көлік қолданысқа берілді. Ресейде құрастырылған автобустың әрқайсысының құны 21 миллион теңгені құрайды.

«Жаңаның аты– жаңа. Заманауи құрылғылармен жабдықталған. Панельді де ыңғайлы етіп жасапты. Рөлі де жеңіл. Дизелдік отын аз жағылады», дейді жүргізуші  Юрий Зайцев.

Салонда бейнебақылау камерасы орнатылған. Қосалқы пеш жұмыс істейді.  Іші кең әрі ыңғайлы.

Енді 9-шы бағыт бойынша  18 қоғамдық көлік қатынайды. Жыл аяғына дейін  16-шы бағыттағы автобустарды жаңарту жоспарланып отыр. «СҚО автокөлiк одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенова жыл басынан бері 19 «темір тұлпар» сатып алынғанын айтады.

Түмен қаласындағы кәсіпорынмен келісім-шарт жасалыпты.  Өйткені, бұл аймақ  Қызылжар өңіріне жақын орналасқан. Ауа-райы да ұқсас. Онда шығарылатын қоғамдық көліктер өлкеміздің  қытымыр қысына шыдас береді.