Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда азаматтық қорғау полковнигі парамен ұсталды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы парамен қолға түсті.

Солтүстік Қазақстанда азаматтық қорғау полковнигі парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жергілікті департаменті берген мәлімет бойынша  полковникке жеке меншік компания директорынан 1200 АҚШ доллары көлемінде  «ауыз бастырық» алды деген айып тағылған.

Әскери қызметкер арам пиғылын жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алулар туралы шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойған.

Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, іс сотқа жөнелтіліп, үкім шығарылады. 

Аталған фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті және өңірлік полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесіп анықтаған.

Солтүстік Қазақстан облысы