Қоғам • 23 Шілде, 2019

Алматыда инженерлік желілерді реконструкциялау қалалықтардың жайлылық деңгейін төмендетпейді

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда жылу маусымы аралығы кезеңінде жыл сайын жүргізілетін инженерлік желілерді реконструкциялау жылумен, сумен қамтуда және басқа да жүйелерде кенеттен болатын келеңсіздіктердің алдын алып, коммуналдық қызметтің деңгейіне кері әсерін тигізбейді, қалалықтарға еш ыңғайсыздық тудырмайды. Бұл туралы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлады.

Алматыда инженерлік желілерді реконструкциялау қалалықтардың жайлылық деңгейін төмендетпейді

«Мақсат – реконструкциялау желісіне қосылған Алматы тұрғындарының жайлылық деңгейлеріне еш нұқсан келтірмеу және оған қол жетуде. Құбырларды тарту барысында уақытша сызбалар арқылы тұтынушыларға су міндетті түрде беріледі», деп атап өтті басқарма басшысы Әсет Масабаев.

Оңтайлы әдіс бірден бірнеше мәселені шешуде. Қалалықтарды толық және сапалы коммуналдық қызметпен қамтумен қатар коммуналдық кәсіпорындардың техникалық жағдайын жақсартуға және оларды тиісті деңгейде ұстап тұру үшін қаржының бөлінуіне, көрсетілген қызмет үшін төлемдердің дер кезінде түсуіне ықпал ететінін айтты.

Жөндеу жүргізу мүмкін емес уақытша коммуникациялары бар әрі көп шығындалатын объектілер есепке алынбайды. Мысалы, егер тұрғын үй жылу жүйесі жөнделіп жатқан жерден алшақ болса, онда оны өзге желіге қосу техникалық жағынан мүмкін емес, ал уақытша құбырды орнатуға кететін шығын тұрақты қолданыста болатын жаңа құбыр салуға жұмсалатын қаржымен бірдей, яғни экономикалық жағынан тиімсіз.

Айта кетерлігі, суық сумен және кәріз жүйесімен қамтуда мұндай проблема мүлдем жоқ, жөндеу жұмыстары кезінде су тұтынушыға үздіксіз беріледі және өзге сызба бойынша ажыратылады.

ЭжИД басқармасының басшысы реконструкция кезінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға ұзақ уақыт тиісті коммуналдық қызметтердің көрсетілмейтіндігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қалада ыстық және суық су мен кәріз желілері ұзақ уақытқа үзілген емес. Тозығы жеткен инженерлік желілерде кенеттен болатын апаттар кезінде олар ажыратылып, жөндеу жұмыстары жедел жүргізіледі. Қазіргі кезде заманауи техниканың күшімен апатты жою және жылумен, сумен қамту орташа 7 сағаттан 6 сағатқа дейін қысқарды», деді Ә.Масабаев.

2014 жылдан ескі жылу желілері 2,2% төмендеген, 63,5% дан 61,3% қысқарған, ал магистралды жылу жүйелеріндегі ақаулар 37%-ға азайған.

Алматыда соңғы 5 жыл ішінде магистралды жылу желілерінің 103,8 км астамы жөнделген, олардың 28,6 километрі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден  өтті.