Қоғам • 24 Шілде, 2019

Министрлік браконьерлермен күресу үшін заң жүзінде нақты қадамдарды қолға алады - Мағзұм Мырзағалиев

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев твиттер парақшасында жазды.

Министрлік браконьерлермен күресу үшін заң жүзінде нақты қадамдарды қолға алады - Мағзұм Мырзағалиев

«Бүгінгі қайғылы оқиғадан соң, Президент тапсырмасына сәйкес қылмыстық заңнама күшейтіледі. Министрлік браконьерлермен күресу үшін заң жүзінде нақты қадамдарды қолға алады. Мұндай орны толмас қайғылы оқиғалар қайталанбауы қажет», деп жазды Министр.

Сонымен қатар министр бір айдың ішінде "Охотзоопром" мекемесінің инспекторлары браконьерлермен күресу бойынша арнайы теоретикалық және практикалық оқудан өтетінін жазды.