Аймақтар • 25 Шілде, 2019

Белкөлде орын алған жол көлік оқиғасының ісі нақтыланды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында «Камаз» жүк көлігінің жүргізушісі 4 және 5 жастағы екі қыз баланы қағып кетіп, екі бала да қайтыс болған еді.

Белкөлде орын алған жол көлік оқиғасының ісі нақтыланды

Осыған байланысты Қызылорда облысы прокурорының міндетін атқарушы Талғат Әлібаев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз жиынында оқиғаға қатысты істің сотқа жіберілгенін және сотта қарау үшін қажетті айғақ деректердің жеткілікті екендігін айтты.

- Оқиғаға қатысты жүргізуші күдікті деп танылды. 1 маусым күнгі Қызылорда мамандандырылған тергеу сотымен күдікті 2 айға бұлтартпау шарасы бойынша санкцияланған болатын. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар өткізілді. Барлық іске қатысты дәлелдемелер жинақталды. Іс Қызылорда қалалық екінші сотына қарауға жолданды,-дейді облысы прокурорының орынбасары.

Қызылорда облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Әміржан Өтегенов оқиғаға қатысты істің тергеуі 2 ай мерзімінде жүргізілетіндігін жеткізді.

- Белгіленген сараптамаларды тағайындау, сот медициналық сараптамасының қорытындысын алғаннан кейін белгіленген баптар бойынша Қылмыстық-Процестік кодексінің 300-бабы бойынша зерделеуін қадағалауын жолдаймыз,-дейді полиция полковнигі.