Аймақтар • 26 Шілде, 2019

Маңғыстауда судьялар қатары толықты

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық сотында жаңадан тағайындалған төрағалар мен қайта тағайындалған судьялар таныстырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда судьялар қатары толықты

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев және судьялар, құқық қорғау органының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы лауазымына осы соттың судьясы қызметінен босатыла отырып Қаржау Бозшағұлов, Маңғыстау облысының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымына Бейнеу аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып Иниятулла Досетов тағайындалды. Сондай-ақ, аталған жарлықпен Ақтау қаласының №2 сотының судьясы лауазымына Бейнеу аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Қуандық Акеров және Атырау қалалық сотының судьясы қызметі лауазымынан босатыла отырып Алтынай Базарова тағайындалды. Ал, Мұнайлы аудандық сотының судьясы Бертай Серік Арал аудандық сотына судьялық лауазымға ауысты.

Ержан Қарабаев жаңа қызметке кіріскен төрағалар мен судьяларға ақиқат жолында адал қызмет етіп, еліміздің сот төрелігін жүзеге асыруға белсенді үлес қосатындарына сеніп білдіріп, қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.

Маңғыстау облысы