30 Мамыр, 2013

Ерекше серпін

250 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ерекше серпін

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:11

«ҚазАгро» АҚ 1 млрд. АҚШ долларына еурооблигация шығарылымын орналастырды

2013 жылдың 17 мамырын­да «ҚазАгро» ұлттық басқарушы хол­дингі» АҚ 10 жылдық мер­зім­ге жыл­­дық 4,625 пайыздық мөл­шер­ле­мемен 1 млрд. АҚШ долларына еуро­­облигация шығарылымын алғаш рет орналастырды. Транзакцияның бір­лескен букраннерлері – HSBC, JP Morgan, ал бағалы қағаздарды ішкі нарыққа ұсыну «АТФ-Қаржының» көмегімен іске асырылды. Ағымдағы жылғы мамыр айының ортасында «ҚазАгро» АҚ өкілдері АҚШ,

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:11

«ҚазАгро» АҚ 1 млрд. АҚШ долларына еурооблигация шығарылымын орналастырды

2013 жылдың 17 мамырын­да «ҚазАгро» ұлттық басқарушы хол­дингі» АҚ 10 жылдық мер­зім­ге жыл­­дық 4,625 пайыздық мөл­шер­ле­мемен 1 млрд. АҚШ долларына еуро­­облигация шығарылымын алғаш рет орналастырды. Транзакцияның бір­лескен букраннерлері – HSBC, JP Morgan, ал бағалы қағаздарды ішкі нарыққа ұсыну «АТФ-Қаржының» көмегімен іске асырылды. Ағымдағы жылғы мамыр айының ортасында «ҚазАгро» АҚ өкілдері АҚШ, Ұлыбритания және Алматыдағы негізгі әлемдік институттық инвес­торлармен бірқатар кездесулер өткізген болатын. Солардың нә­ти­жесінде ҚазАгроның несиелік сапасы жөнінде жағымды ой-пі­кір­лер қалыптасты. Ал, қалыптасқан қолайлы нарықтық ахуал мен дүние­жүзілік сарапшы-мамандардың жа­ғымды пікірі бағалы қағаздарды ор­на­ластыру мерзімін тездетуге мүм­кіндік туғызды.

Айта кетелік, 17 мамырда жа­рия­­­ланған шығарылымның баға­лық параметрлері институттық ин­вес­торлардың арасында ай­тар­лықтай қызығушылық туғызды. Оған қоса, 200-ден астам инвес­тор­дан түскен тапсырыстардың ақ­тық кітабының көлемі 3,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл көр­сет­кіш ҚазАгро ұлттық басқару­шы холдингі» АҚ-тың соңғы ай­лар­дағы табысты құжаттамалық жә­не маркетингтік дайындық жұ­мыс­тарының тікелей нәтижесі деуге болады. Транзакция сол күні 4,625 пайыз баға диапазонында жабылды.
Аталған келісім бағалы қағаз ай­на­лымының осындай ұзақ мер­зім­ге қазақстандық эмитенттің құ­ны жағынан рекордтық төмен қа­рыз­дық шығарылымын айқындап берді. Сонымен қатар, ҚазАгроның бұл бағалы қағаздары елімізде тұң­ғыш рет қаржылық, мұнай-газ, энергетикалық және металлургиялық емес секторлардан шығарылып отыр, сондай-ақ, ол экономикамыздың ауыл шаруашылығы және азық-тү­лік салаларының басқа да әлеуетті эми­­тенттерінің болашағына айтар­лықтай жағымды әсер етері сөзсіз. Қуатты компанияның бағалы қа­ғаз­дар шығарудағы қомақты та­бы­сы Қазақстанның басқа да ква­зи­мемлекеттік эмитенттерінің қа­тарында холдингтің алдыңғы қа­тар­лы қарыз алушы ретіндегі мәртебесін айқындап берді. Сондай-ақ, бұл Қаз­Агроның жаһандық капитал­дар нарығындағы беделі мен мәртебесін нығайта түсері даусыз.
«Біз холдингтің еурообли­га­ция­ларын алғаш рет сәтті орналас­тыр­ғанымызға қанағаттанамыз, деп мәлімдеді бағалы қағаздарды орналастыруға қатысты түсінік берген «ҚазАгро» ұлттық бас­қа­ру­шы холдингі» АҚ басқарма төр­ағасы Дулат Айтжанов. Біздің қызметіміздің ерекшелігіне және мемлекеттік маңыздылығына қарай, осы жобамен жүргізілген дайындық жұмыстарының басынан бастап-ақ ҚазАгроның міндеті ұзақ мерзімге және ең төменгі мөлшерлеме бойынша қомақты қаржы тарту болатын. Ал, бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражат «2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіптік даму бағдарламасы» аясындағы басымдық берілген ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады».
Аймақтар бойынша инвесторлар базасы былайша бөлінеді: Ұлы­бри­тания – 35%, АҚШ – 33%, Қа­зақ­стан – 13%, құрлықтық Еуропа – 15% және басқалары – 4%. Мә­мі­ле­нің негізгі талаптары мы­на­лар: Эмитент: «ҚазАгро» ұлттық бас­қарушы холдингі» АҚ, шығарылым рейтингтері: ВВВ+ (тұрақты болжам), ВВВ (тұрақты болжам), бере­шек түрі: қамтамасыз етілмеген, шы­ғарылымның форматы: Reg S/144A, қарызды қайтару мерзімі: 24 мамыр, 2023 ж (Т+5), шығарылым көлемі: 1,000 млн. АҚШ доллары, купон: 4,625 пайыз, орналастыру бағасы: 100,00 пайыз, листинг: Ирландия және Қазақстан қор биржалары.
«BСC Invest» АҚ-тың бас­қар­­ма төрағасының орынбаса­ры, Листингтік компанияның төр­аға­сы, Қазақстан қор биржасы Бир­жа­лық кеңесінің мүшесі Виктор Кыш­панаковтың пікірінше, ҚазАгро сияқты эмитенттің мұндай бағалы қағаздарды шығарып, қор нарығына орналастыруы айрықша әрі маңызды оқиға болып табылады. «Қазіргідей нарықта қаржы құралдарына қат­ты тапшылық қалыптасқан жағ­дай­да, мұндай бірінші сатыдағы эми­тент­тердің нарыққа көптеп шығарылуы жалпы еліміздің қор нарығының дамуына жағымды жағынан әсер ете­тіні сөзсіз, дейді Виктор Алек­сеевич. Ал, «BBC Invest» ком­па­ния­сы ҚазАгро сияқты сенім­ді компанияға брокерлік және іскер­лік қызмет көрсететінін мақтан тұ­та­ды және алдағы уақытта осы бағыт­та ынтымақтастық қарым-қаты­на­сымызды жалғастыруға әзірміз. Атап айтарлығы, бағалы қағаздарды қор нарығына шығару аграрлық салада тұңғыш рет жүзеге асырылуда». Беделді сарапшының айтуынша, Қазақстанның аграрлық компаниясының еурооблигация­ларды қор нарығына табысты шығаруының өзі «ҚазАгро» арқылы еліміздің аграрлық секторына деген шетелдік нивесторлардың зор сенім білдіргенін көрсетеді. – Бұған дейін бізде ірі шығарылымдар болды, дейді Виктор Кышпанаков. – Алайда, ішкі нарықта мұндай бағалы қағаздарды шығару және қор нарығына орналастыру – ерекше бір серпін болып саналады. Ал, еурооблигацияларды сыртқы нарыққа шығару және орналастыру басқа эмитенттерге игі үлгі болары анық.

Әмірлан ӘЛІМЖАН.