Аймақтар • 27 Шілде, 2019

Қонақжай Көкшетау Арыс балаларын қарсы алды

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, сенбі күні Арыс қаласының балалары қасиетті Көкше топырағына қадам басты. Ауасы дертке дауа, жұпар иісті Көкше өңірінде, тамылжыған табиғат аясында тынығып, дем алуға келген 145 баланы ел ақсақалдары мен облыстық білім беру басқармасының басшылары, қала жұртшылығы қарсы алды.

Қонақжай Көкшетау Арыс балаларын қарсы алды

Айта кетелік, Арыс қаласында айтып келмейтін апат орын алғаннан кейін барша еліміз болып, ауыртпалыққа иықтарын тосқан болатын. Соның бір парасы балалардың демалысы, алғашқы лекте 150 бала келіп Бурабай баурайындағы «Звездный» және «Самұрық» балалар демалыс лагерьлеріне орналастырылды. Бұл жақтағы ауа райының ерекшеліктеріне орай, олар жылы киім, басқа да керек-жарақтармен толық қамтамасыз етілді. Дем алуларына барлық жағдай жасалды. Екінші лекте, шілденің 12-сі күні келген 112 бала Шалқардағы Көкшетау қалалықа білім бөліміне қарасты «Сокол» және «Чайка» балаларды сауықтыру орталықтарында демалды. 

Бүгін келген 145 бала «Чайка» балаларды сауықтыру орталығы мен Зерендідегі «Аврора-Гарден» демалыс орталығына баратын болады. Жас меймандарды ежелгі қонақжайлық салтымен қарсы алған көкшетаулықтар теміржол вокзалында салтанатты жиын өткізілді. Алыстағы Арыстан жеткен жеткіншектердің алдында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова мен облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов ақжарма тілектерін айтып, демалыс мерзімін тиімді өткізулеріне тілектестіктерін білдірді.