Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғарғы оқу орнымен өзара қарым-қатынас орнатты

642 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының 05.10.2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының 4-ші басымдығындағы «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын іске асыру аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетімен жоғарғы оқу орны саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша екі жақты Меморандумға қол қойылды.

Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғарғы оқу орнымен өзара қарым-қатынас орнатты

Шараға Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Ахметов Мұрат Жамбылұлы, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Абельдинов Қуандық Қаршығаұлы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Ахметов Берік Бахытжанұлы және проректор Нұрмағанбет Ермек Талантұлы қатысты.

 Меморандум аясында университет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген сауаттандыру жұмыстарын бірлесе атқаруға, оқу орын базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстарын жүргізуге және университет жанынан ашылған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасының аясында жоғарғы оқу орын жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені жүргізіледі.

 Айта кететін болсақ, 2018 жылдың аяғында аталмыш университет жанынан жастар бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында сатушысыз «Адалдық дүкені ашылды. Студенттер дүкендердің сатушысыз тұрғанына қарамастан адал бастамашылдықтарымен қызыға отырып алған затына сай жанында тұрған қорапшаға ақыларын салып кетеді.

Осындай сатушысыз дүкендерді енгізу студенттердің бойында жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдық қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды.

 Осыған орай, алдағы уақытта Университет пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында жасалынған меморандум екі жақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін қалыптастыруға өзара оң септігін тигізетіні анық.

Маңғыстау облысы