Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстанда «Өз елімді тану» республикалық жастар экспедициясы өтті

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экспедицияға 10 өңір мен Нұр-Сұлтан қаласының «Жаңғыру жолы» РМД өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстанда «Өз елімді тану» республикалық жастар экспедициясы өтті

Алғашқы сапар Айыртау ауданында орналасқан  киелі орындарды тамашалаудан басталды.  Мұнда  Қарасай мен Ағынтай батырлар мемориалдық кешені,  жылқыны үй шаруашылығына алғаш үйреткен Ботай қонысы, Шоқан Уәлихановтың балалық шағы мен жастық шағы өткен Сырымбет ауылы естен кетпес естеліктер сыйлады.

Одан әрі Тайынша ауданының ғажайып жері саналатын «Әлем патшайымы», католик приходы тамашаланды. Титан мен алтын жалатылған «Қазақстан жұлдызы» алтары орындалу  шеберлігімен ерекшеленеді.

Саяхатқа қатысушылар  Құрмет кітабына ізгі тілектерін қалдырып, уақыт капсуласын салды.

Солтүстік Қазақстанның ерекше тарихы мен мәдениетіне тәнті болған жастар республикалық экспедицияны  қызықты өткізе білді.

Солтүстік Қазақстан облысы