Аймақтар • 30 Шілде, 2019

«Бейбітшілік жүгірісі» эстафетасының алауы Павлодарда

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада Ресей, Беларусь және Латвия елінің оннан астам марафоншысы ғаламдық эстафетаны жалғастырып біздің өңірге де жетті.

«Бейбітшілік жүгірісі» эстафетасының алауы Павлодарда

Ал, «Бейбітшілік жүгірісі» 22 шілде күні Омбыдан бастау алып, тамыз айының 20-сына дейін жалғасады.Осы аралықта эстафета қатысушылары Омбы, Новосібір, Алтай өңірі, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағынан жүгіріп өтпек.                                         

Ғаламдық алау эстафетасы жалпы 3,5 мың шақырымды қамтиды. Спортшылар жолда бір-бірін алмастырып отырады. Әр марафоншы күніне орта есеппен 15-40 шақырымды бағындырады.

 - Мен ғаламдық алау эстафетасына алтыншы жыл қатысудамын. Бірнеше елдің аумағынан жүгіріп өтіп, жүздеген тұрғындармен жүздесеміз. Бізді бәрі де достық ниетпен қарсы алады, -дейді эстафета қатысушысы, латвиялық спортшы Гундега Гаиле.         

 Ал, алау эстафетасы биыл біздің өңірдегі Железин, Тереңкөл, Аққулы аудандары мен облыс орталығын қамтыды.

Марафоншылар Железин, Тереңкөл аудандарынан өтіп, Павлодар қаласына келді.

Облыс орталығында «Қазқонақ» табиғи ескерткішінде,Мемлекеттік рәміздер, Жеңіс саябағындағы мәңгілік алау алаңында аялдады.

Аққулы ауданында жергілікті тұрғындармен, жастармен жүздесіп, 30 жылдық тарихы бар ғаламдық эстафетаның мақсатын, маңыздылығын айтып берді.

 - Эстафетаны жалғастырушылар саны көбеюуде. Келесі қатарымызға Жаңа Зеландия елінің өкілдері қосылады. Алау эстафетасы спорт, бірлік пен бейбітшілікті, - дейді ғаламдық алау эстафетасының үйлестірушісі Александр Арнст.        

 Биыл Алау эстафетасы бір уақытта бірнеше бағыт бойынша жүруде.                   

 «Бейбітшілік жүгірісінің» өкілдері-халықаралық марафоншылар Тынық және Атлант мұхиты аралдардағы мемлекеттердің, Австралия, Оңтүстік Америка, Африка елдерінің аумағынан жүгіріп өтпек. 

 

Павлодар

Суретті түсірген Светлана Воронова