Қоғам • 31 Шілде, 2019

Жүз жыл тербелген бесік

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ үшін бесіктен киелі не бар?! Ата-бабамыз қасиет тұтқан бесік – әрбір үйдің төрінде тұратын құнды дүние. Көнекөз қариялардың «бесігің тарылмасын, бесігің тербелсін» деп бата беруі де көп мағынаны білдірсе керек. Осындай ақ батамен көктеп, көгеріп отырған аралдық Амановтар отбасында бір ғасыр тербелген бесік бар.

Жүз жыл тербелген бесік

Атадан балаға мұра болып қалған бағалы жәдігерге бұл әулеттің төрт ұрпағы куә десек, қателеспейміз. Қа­зірде тоқсан жасқа таяп қал­ған Райхан апа бұл бесікті қайын­­атасының өз қолымен, бір шеге қақпай жасағанын айтады.

– Менің естуімше, қайын­атамыз бен енемізде бала тұрақтамай, туыла сала ше­тінеп кете берген. Содан кейін атамыз ниеттеніп өз қо­лымен бесік жасапты. Құдай­дан алақан жайып, осы бе­сікке жататын бір сәби бере гөр деп тілепті. Көп ұзамай олар­дың тілегі қабыл болып, екі ұл бала дүниеге келіпті. Соның бірі – менің жолдасым Үбайдулла. Ал қазір бұл бесікке шөберелеріміз тер­беліп өсуде. Біз үшін құнды дүние болғандықтан, оны бала­ларыма әрқашан ама­нат етіп айтып отырамын. Үл­кен балам оны майлап қояды. Қазір қаладағы кіші балам­ның үйінде сақтаулы тұр. Бе­сік деген баланың ұясы ғой. Сәбидің ұйқысы ты­ныш, де­несі таза болады,– дейді кейуана.

Түрлі техникалардың да­мыған заманында электронды бесікті ойлап тапқандар да бар. Өзі тербелетін бесік, әри­не жақсы-ақ. Алайда, қа­зақ­тың киелі дүниесі баға жет­­пес байлық болып қала бермек.

 

Айсәуле ҚАРАПАЕВА

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024