Аймақтар • 31 Шілде, 2019

Солтүстік Қазақстан прокуратурасының араласуымен жарты миллиард теңге жалақы берешегі өндірілді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңір прокурорларының жарты жылды қорытындылаған жиынында мәлім болды.

 

Солтүстік Қазақстан прокуратурасының араласуымен жарты миллиард теңге жалақы берешегі өндірілді

Биылғы алты айда кісі өлтіру – 28,6, қарақшылық – 40, алаяқтық – 19,8 процентке төмендеген. Мал ұрлығының азайғаны байқалады. Героинд саудалаумен айналысатын қылмыстық топ  құрықталып, іс сотқа жолданыпты.

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында зорлық әрекеттерімен байланысты құқықбұзушылықтар 14,3 процентке кеміді. Әлеуметтік желілерде 67 топтың 58 ролигіі  бұғатталды», дейді басқарма бастығының міндетін атқарушы Ерлан Нұрұшкин.

Жұмыс берушілер тарапынан жіберілген  бірқатар олқылықтар түзетіліпті.  Солардың бірі  жалақыға қатысты.  Маңдай тер, табан ақысын ала алмай жүрген 6 мыңнан астам жұмысшы-қызметкердің жарты миллирд теңгеге жуық еңбекақысы өтелген.

Петропавл қаласының прокуроры Асқат Ауқатовтың айтуынша, 45 кәсіпорын жалақы жөнінен қарыздар болып қалған. Мұндай келеңсіз оқиға «ЗИКСТО» АҚ-да орын алып, бастамашыл топ заңдылықты қадағалау органына жүгінген. Прокуратураның араласуы арқасында  басшылық ауысып,жағдай қалпына келтірілген.

Солтүстік Қазақстан облысы