04 Қаңтар, 2013

Тілге көзқарас – елге көзқарас

444 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тілге көзқарас – елге көзқарас

Жұма, 4 қаңтар 2013 7:43

Елбасының болашаққа арналған Стратегиясы Қазақстанды жаңа белес­ке шығаруға арналған. Бұл құжатта нақты міндеттер тұжырымдалып, екшеліп беріліп отыр. Соның ішінде Елба­сы­мыз мемлекеттік тілге ерекше құр­мет көрсете отырып, нақты бағдар көр­сетіп, міндеттер жүктеді.

 

Жұма, 4 қаңтар 2013 7:43

Елбасының болашаққа арналған Стратегиясы Қазақстанды жаңа белес­ке шығаруға арналған. Бұл құжатта нақты міндеттер тұжырымдалып, екшеліп беріліп отыр. Соның ішінде Елба­сы­мыз мемлекеттік тілге ерекше құр­мет көрсете отырып, нақты бағдар көр­сетіп, міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысының тілге байланысты: «Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бас­тауымыз керектігі ұмыт қалады.Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қам­шылауы тиіс.Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», деген қағидатты тағы да қайталап айтты.

2050 жылы кемеліне келіп өркен­деу­дің даңғыл жолына түсетін Қазақ­станда енді 12-13 жылдан соң жұрттың бәрі жаппай қазақ тілінде сөйлейтін болады. Әрине, бұл міндеттердің толық орындалуы үшін баршамыз өз үлесімізді қосып, рухани күш-жігерімізді аямауға тиіспіз.

Алматы облысында мемлекеттік тілмен қатар барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін, дәс­түрін  дамытуға мүмкіндік жасалған. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруге ниет білдіруі артып келеді. Ең бастысы, барлық ұлт өкілдері бір-бірімен тіл табысып, береке-бірлікте өмір сүріп жатыр.

Жолдауда Елбасымыз: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қа­тар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жа­сауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік дең­гей­де ынталандырылуы керек», деп әлемдік деңгейдегі елдердің қа­та­ры­на жетудегі тілді меңгерудің жоғары талабын қойды. Біздің облыс орталығында тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін «Үштұғырлы тіл» мәдени жо­басын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдан орыс тілі мен ағылшын тілі курстары ашылған. Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру өңірімізде тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі күні облыс­та мемлекеттік тілді, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерін тиімді мең­геруде ең үздік, инновациялық әдіс­темеліктерді, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейне материалдарды қолданудың тың бастамасы қолға алынып отыр.

Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылу міндеті біздің барлық біліміміз бен біліктілігімізді жұмсап, нәтижелі жұмыс істеуімізді қажет етеді. Мемлекеттік тілге байланысты Елбасымыз ерекше екпінмен: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз», деді ғой. Біз осы абыройлы міндетті орындауға тиіспіз.

Тәңірберген ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ,

Алматы облысының

тілдерді дамыту жөніндегі

басқармасының бастығы.