Технология • 31 Шілде, 2019

IT саласындағы соңғы жаңалықтар қандай?

1967 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

Саладағы соңғы отандық және әлемдік жаңалықтарды назарларыңызға ұсынамыз.

IT саласындағы соңғы жаңалықтар қандай?

 

Қазақтелеком: 800-ден астам шалғай ауыл мен 2,5 млн тұрғын интернетке қол жеткізеді.

Қазақтелеком: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары 5G интернетке ең алғашқылардың бірі болып қосылады.

Қазпошта: Қазақстанның кейбір аймақтарында газет-журналдар дронмен жеткізіледі.

Typi: Қазақстандық мессенджер 3 млн доллар инвестиция тартты. Қазір Typi қосымшасы әлемнің 148 елінде 11 тілде қолжетімді. Шілде айының соңында қолданушылар саны 1 миллионға жетті.

Алматы полицейлері планшеттерде қылмыстық істерді тергеу және қылмыскерлерді іздестіру бойынша жедел жұмысты жақсартуға мүмкіндік беретін адамдарды тану қызметін қолданады.

NASA: Valkyrie роботы бір күні Ай мен Марста колониялар соғады деп үміттенеді.

Sony: Әлем бойынша 100 миллион PlayStation 4 сатылды.

Apple: Компания қыркүйек айында жаңа үш iPhone 11 смартфондарын таныстырады.

Ағылшынның GoCycle компаниясы жиналмалы электрлік e-велосипедтер шығарады. 

Франция спутниктерін қорғайтын ғарыш күшін құруды жоспарлап отыр. Наноспутниктер лазермен және зеңбірекпен жабдықталады.

Apple: 2020 жылы Apple смартфондары 5G интернетке қосылады.

Tesla көліктері Netflix and YouTube арналарын көрсететін болады.

The Wall Street Journal: Сауд Арабиясының жаңа мегақаласы Неом деп аталатын шөлде салынады. Қалада адамдарға қарағанда роботтар саны көп болады, голограмма мұғалімдер сабақ беретін болады.

YouTube: Жаңа зерттеу YouTube желісінде 13 жастан кіші балалар түскен видеолар 3 есе қаралым жинайтынын көрсетті. 

Instagram: Лайксыз Instagram канадалықтардың көңілінен шықты. Компания сәуір айынан бастап Канадада әлеуметтік желі қолданушыларына лайктар санын көрсетпейтінін мәлімдеді. Жақында бұл барлық желі қолданушыларына қолжетімді болады.

Француз өнертапқышы реактивті ховербордта Ла-Манш бұғазын кесіп өтпекші.

АҚШ-тың әскери теңізшілері Парсы шығанағында Иран дронын арнайы анти-дрондық құрылғымен құлатты.