Рәсім барысында Э.Рахмон қазақстандық-тәжік қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, Тәжікстан Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа елшіге қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайту бағытында сәтті және жемісті жұмыс тіледі.
Өз кезегінде А.Тәжібаев Тәжікстан Президентін екі ел басшыларының мемлекеттер арасындағы ежелгі бауырластық пен достық қатынастарын нығайту және кеңейту жөніндегі міндеттерін орындауда Елшілік барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.