Бұрын аталған ауылдың балалары мен жастары футболды шаңды бұрқыратып топырақта ойнайтын. Енді олар жаз айларында сырты қоршалған, табанына жасанды көгал төселген заманауи нысанда доп тебетін болды. Ал қыста корт іші хоккей ойнайтын, коньки тебетін мұз айдынға айналады.
Спорт нысанының ашылу салтанатында жергілікті балғын футболшыларға доп пен спорттық киімдер сыйға тартылды. Енді жаттығуына барлық жағдай жасалған Қаражар аулының командасы аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мол мүмкіндік алды.
Сонымен қатар аталған ауылда «Көркейе бер, туған жер» акциясы аясында жергілікті «Жастар саябағы» абаттандырылды. Оған «Рухани жанғыру» бағдарламасы бойынша округ бюджетінен қаржы бөлінген болатын.