Спорт • 01 Тамыз, 2019

UFC-мен келісімшартқа отырды

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортының өкілі Шавкат Рахмонов әйгілі UFC ұйымымен отандық спортшылар арасында бірінші болып келісімшартқа отырды. Бұл туралы файтердің менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді.

UFC-мен келісімшартқа отырды

«Шавкат Рахмонов әлемнің ең үздік ММА ұйымымен келісімге келген Қазақстан тарихындағы тұңғыш спортшы атанды. Ол UFC-дегі дебют жекпе-жегін осы жылдың қараша айында өткізеді деп жоспарланған», дейді Әбдірахманов. Жуырда Нұр-Сұлтанда өткен M-1 Challenge 102 турнирінде Рахмонов бразилиялық Тьяго Варежао Ласердадан басым түскен болатын. Айтулы жеңісінің арқасында отандасымызға осы спорт түріндегі ең белді ұйым – UFC-ге даңғыл жол ашылған-ды.

Шавкат бүгінге дейін аралас жекпе-жекте 12 кездесу өткізіп, барлығында айқын жеңіске қол жеткізді. Ол бірде-бір қарсыласына бет қаратқан жоқ. Айта кетейік, қазіргі таңда UFC-де күш сынасып жүрген Ресейдің Орынбор өлкесінде туып-өскен қандасымыз Дамир Исмағұловтың өнері көпшіліктің көңілінен шығуда.