Спорт • 01 Тамыз, 2019

Турнирді сәтті бастады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан теннисшілердің халықаралық турнирін қазақстандық Зарина Диас сәтті бастады.

Турнирді сәтті бастады

Алғашқы айналымда ол 15 жастағы америкалық Кори Гауффты сан соқтырды. Бір сағатқа созылған бәсеке 6:4, 6:2 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде жерлесімізді украиналық Леся Цуренко күтіп тұр. 30 жастағы Цуренко әлемдік рейтингте 35-орында болса, Зарина Диас қазіргі таңда ТОП-100 теннисшінің ішінде 84-сатыға орналасқан. АҚШ-тағы Citi Open турнирінің алғашқы айналымында Леся қытайлық Яфань Ванды 6:3, 6:2 есебімен қапы қалдырған.

Еске сала кетейік, америкалық Кори Гауфф биылғы Уимблдон турнирінің басты сенсациясын жасаған еді. Ол турнирдің ең жасы кіші қатысушысы атанып қана қоймай, негізгі кезеңде америкалық әйгілі теннисші Винус Уильямсты жеңіп, айды аспанға бір-ақ шығарған болатын.