Бұл орайда министрдің төрағалығымен министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаб құрылды. Министрліктің әр бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы консультант (қоғамдық негізде қатардағы қызметкерлердің арасынан) институты енгізіледі. Консультанттың негізгі міндеті – бөлімше жұмысындағы сыбайлас жемқорлық қатерін талдау. Сондай-ақ азаматтардан министрлікке келетін өтініштер мен шағымдарды сыбайлас жемқорлық қатерін анықтау үшін талдау күшейтіледі. Колл-орталық функционалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі көпфункциялы жобалау офисі ұйымдастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті күшейтуге арналған шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Бұл орайда қолға алған іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қоғам институттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қарым-қатынасы күшейтіледі. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын қоса алғанда, министрліктің кәсіпкерлерге көрсететін қызметтері цифрландырылады. Сонымен бірге көптеген сараптау және қоғамдық ұйымдарды тарту арқылы аталған ведомствоның заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау қызметі күшейеді. Монополияға қарсы және статистикалық ведомстволардың аумақтық бөлімшелері басшыларының әлеуметтік желідегі жеке парақшалары ашылды. Осы саладағы халықтың және кәсіпкерлердің мәселелері барынша жедел шешілуде.