Аймақтар • 02 Тамыз, 2019

Велобағдарға арналған сервис

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы мен Шымкент қала­сының тұрғындары енді Яндекс карталары арқылы велосипедпен серуендеуді жоспарлай алады. Бағдарларды сайтта немесе iOS және Android құрылғыларына ар­­налған қосымшада құруға болады.

Велобағдарға арналған сервис

Яндекс карталары велоси­педпен жүру үшін қолайлы жолдар бойынша бағдарларды бел­гілейді. Бұл – веложолдар, парктердегі соқпақтар және көлік көп емес жол бөліктері. Мы­салы,  «Байқоңыр» метростансасынан Сайранға дейін барғысы келетін алматылық велосипедшіге сервис Абай даңғылы емес, Шевченко және Шәкәрім көшелерімен жүруге кеңес береді.

Бағдарды құру кезінде жол кескіні пайдаланылады. Бұл қала жолдарының торы. Әр жол учаскесі үшін онда велосипедпен жүруге болатыны не болмайтыны көрсетілген. Жобаға Велосипед оқиғалары клубының негізін қалаушы Александр Габ­ченко және AlmatyBike қа­уымдастығының негізін қа­лау­шы Ануар Джу­супов үлкен көмек көрсетті. Олар карталарды редакциялауға велосипедшілерді шақырып, Яндекс.Карталар командасына кеңес берген екен.

«Велосипед көлігінің дамуы – әлемдік тренд. Қазақстанның ірі қалаларында да веложолдар мен веложарыс орындары пайда болуда. Велосипед қозғалудың неғұрлым танымал түріне айналды. Демек, навигация қажеттілігі пайда болды. Жақында бұл мүмкіндік Нұр-Сұлтанда да пайда болады», дейді Қазақстандағы Яндекс аймақтық менеджері Иван Анойкин.

 

«Егемен-ақпарат»