– Жарысқа 10 жігіт қатысты. Жандос болса, 3 минуттың ішінде 16 хот-догтың 9-ын жеп жеңімпаз атанды! – дейді кәсіпкер.
Қала күніне орай өткен мерекелік әртүрлі шаралардың арасындағы Хот-дог жеу бәсекесі ерекше әсер қалдырды. Сондықтан кәсіпкер Алексей Мазур тұрғындарға қызықты көрінетін осындай ерекше жарыстарды алдағы уақытта да жалғастырмақ.
Қала тұрғындары мен қонақтарының жазғы демалысы үшін Ертіс өзені жағалауында ретро стильде жылдам тамақтанатын кафе де ашып қойды.
– Иә, бір ай бойы тегін тамақтанатыным тосын сыйлық болды. Жарысқа арнайы дайындалған жоқпын. Хот-догты жақсы көремін. Жарыста әйелім, балаларым, әпкелерім қолдауға келді, – дейді Жандос.
Ал жағалаудағы баспалдақтарға жиналмалы орындықтар қойылған, субұрқақтар жарыса төгілуде, жарықшамдар жарқырайды.
Ашық аспан астындағы ерекше дәмхана алаңы мерекелерге, қызықты жарыстарға,көңілді отырыстарға шақырады.
ПАВЛОДАР