Руханият • 02 Тамыз, 2019

Нұрлан Нығматулин Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қолдады (видео)

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған челенджді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жалғастырды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Нығматулин Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қолдады (видео)

Нұрлан Нығматулинге жыр эстафетасын Халық әртісі Бибігүл Төлегенова жолдаған еді.

Парламент спикері Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған эстафетаны өзбекстандық әріптесі Өзбекстан Парламентінің Спикері, Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловке жолдады.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.