Аймақтар • 02 Тамыз, 2019

Алматы: демалыс күндері қайда баруға болады?

1442 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Фото-көрме. Триатлоннан халықаралық дода. Алдағы демалыс күндері алматылықтарды қызықты мәдени-спорттық шаралар күтіп тұр. 

Алматы: демалыс күндері қайда баруға болады?

Ауған өнімдерінің көрмесі 

Ауған өнімдерінің көрмесі

Алматылықтар 3-4 тамыз күндері Ауған елінің қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалай алады. Аталмыш көрмеге Ауғанстан Ислам Республикасының қолөнер бұйымдары ұсынылады: ағаш ою, жиһазды әрлеу өнері, гравюрамен безендіру, металл құмыралар, зергерлік әшекейлер. Сондай-ақ, мыс пен қоладан соғылған ыдыс-аяқтар, еңбек құралдары, арнайы тұрмыстық рәсімдерге арналған заттар.

«Ауған елінің 30 компаниясы жеңіл өнеркәсіп бойынша түрлі өнімдерін ұсынбақшы. Атап айтсақ, қолдан тоқылған кілемдер, декоративті кестелер, киім-кешек, маталар, керамикалық бұйымдар, жібек кілемдерге салынған әртүрлі геометриялық көгөріс өрнекті кілемдер. Тоқыма кілемдерді қою қызыл түспен бояп,  көпбұрышты фигуралармен әрлеген. Көрме келушілер үшін, зергерлік бұйымдар мен кептірілген жеміс-жидектер де ұсынылады», - делінген хабарламада.   

Аталған көрме ҚР Мемлекеттік орталық музейі, Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Бас консулдығы және USAID, Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда атташесі, Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда және индустрия министрлігінің қолдауымен және Іскер әйелдер Ассоциациясымен (AICI) бірлесіп алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Өтетін орны: Мемлекеттік орталық музей, Самал-1, 44-үй

 

Триатлоннан «2019 ASTC Almaty Triathlon Asian Cup» Азия кубогі 

триатлон

3-4 тамызда Алматыда екінші рет триатлоннан Elite санатындағы (кәсіпқой) спортшылар арасында халықаралық дода – «2019 ASTC Almaty Triathlon Asian Cup» Азия кубогі өтеді. Аталмыш сайыс Almaty Triathlon Federation және Қазақстан Триатлон Федерациясы, «Самрұқ-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры», ҚР мәдениет және спорт Министрілігі, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Оңтүстік астанамызда құрлықтық кубокты өткізу мүмкіндігі  -  Қазақстан Триатлон Федерациясы мен Триатлон Халықаралық Одағының (ITU)Қазақстан Республикасында триатлон спортын дамыту, сондай-ақ, танымалдылығын арттыру мақсатында бірлесе отырып атқарған жұмыстарының нәтижесі.

Қашықтық үш кезеңнен тұрады: 750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіру.

Әлемнің түрлі елдерінен 130-ға жуық спортшы келеді деп күтілуде.

4 тамызда Age Group (әуесқой) арасындағы«TEMIRADAM» Кубогі VIII кезеңінің старты.

«Стандартты» қашықтық үш кезеңнен тұрады: 1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру.

Жеке есепте 250 әуесқой спортшы және 10 эстафеталық команда қатыспақ.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Сайран көлі

Айта кетейік, триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортты жарыс болып табылатын циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (ITU) ережелерімен реттеледі.

«Трансформа» кеңістігінде ерекше қойылымдар кеші 

теаатр

Көрермендерге үш перформанс, сондай-ақ үлкен экрандағы заманауи неміс қойылымы ұсынылады. Саундскейп-перформанс «Каково» қонақтарға әлемнің 30-дан астам елін аралап шыққан көзі көрмейтін саяхатшы туралы айтып береді. Бұл қысқа спектакльде тарих дыбыстық ландшафт арқылы баяндалады. Композитор Константин Кохан, режиссер Антуан Дукравец, драматург Ольга Малышева.

«Өмір сүру ережелері» мультимедиялық вербатималар – бұл Мадонна мен Саши Барон Коэннің сұхбатының театр түріндегі үлгісі, сахнада әртістер Елена Вовнова мен Қуантай Әбдімади өнер көрсетеді. Режиссері – Антуан Дукравец, драматург – Ольга Малышева.

Кеш murmel, Volksbühne Берлин театрының murmel спектаклінің ашық аспан астындағы үлкен экранда көрсетіліммен аяқталады. Спектакль-Theatertreffen-2013 фестивалінің қатысушысы, режиссер Герберт Фрич. Бұл – «Murmel» сөзінен ғана тұратын спектакль Дитер Рот 174-беттік пьеса желісімен құрылған спектакль.

Уақыты: 4 тамыз, 20:30

Өтетін орны: Алматы қ, Байзақов көш, 280

Билет бағасы: 1000 тг