Аймақтар • 02 Тамыз, 2019

Қызылорда құқық қорғау органдары электронды форматқа көшті

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқық қорғау органдары өткен жылдан бастап электронды форматта түрлі жобаларды іске асыруда деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар баспасөз қызметі.

Қызылорда құқық қорғау органдары электронды форматқа көшті

Сондай жобалардың бірі - «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімдері» жобасы. Жоба іс-құжатты толтыру процесі және жол-көлік бұзушылықтары бойынша айыппұлдар төлеу ісін автоматтандырады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бөлім басшысы Мәди Әбішев журналистермен өткен брифингте баяндады.

Электронды жобалардың бірі «е-Өтініш» жобасы. Бұл азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдау бойынша мемлекеттік органдардың әрекеттерін құрылымдауға арналған. Жүйе өтініштердің мерзімдерінің бұзылуын анықтауға, мемлекеттік органдардың және аудан бойынша азаматтардың проблемалық сұрақтарына талдау жасауға, қарауына жатпайтын өтініштерді анықтауға мүмкіндік береді.

Брифинг барысында бөлім басшысы Мәди Әбішев кәсіпкерлік субьектілерін тексеруді азайтуға бағытталған жобалардың тиімділігін атап өтті.

«Ашықтыққа қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдарда ТСОБТ ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді. 2018 жылдың шілде айынан бастап тексерулер электронды түрде тіркеле бастады. Бұл өз кезегінде бақылаушы мемлекеттік органдарға кабинетте отырып тексеру тағайындауға және кәсіпкерлердің уақытылы хабарлама алуына мүмкіндіктер берді. Тексеру тіркелгеннен кейін кәсіпкердің ұялы телефонына «Сізге тексерумен келеді» мәтіні бойынша Push-хабарлама келеді. Ал алдағы уақытта жүргізілетін тексеру бойынша ұялы қосымшаға «Неге МЕН?» батырмасы қосылады», дейді М.Қанатұлы.

 

Қызылорда облысы