Аймақтар • 02 Тамыз, 2019

Қызылордада заң бұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев баяндады.

Қызылордада заң бұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеді

«2019 жылдың 6 айында Департаментпен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметшілерімен 332 кездесулер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізді. Шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормалары кеңінен түсіндіріліп, Агенттікпен әзірленген Әдеп кодексінің қойын кітапшасы яғни Pocketbook таратылды. Онда мемлекеттік қызметшінің қызметтік қарым-қатынаста жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану керектігі туралы мәселелер қамтылған», деді Берікбол Ұзақұлы.

Брифингте Берікбол Байхожаев қолға алынған түрлі шаралардың мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтарды жасау фактілерінің азаюына септігін тигізетінін жеткізді. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің заң бұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген.

 

Қызылорда облысы