«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12% жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 19,9%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,8%, жемістер мен көкөністерді – 10,9%, нан және жарма өнімдерін – 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2% құрады», делінген хабарламада.
Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді.