03 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстан полицейлері 80 келіден астам есірткі тәркіледі

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

   Ғ.Мүсірепов ауданының жедел уәкілдер есірткі тасымалдады деген күдікпен 46 жастағы ер адамды ұстады.

Солтүстік Қазақстан полицейлері 80 келіден астам есірткі тәркіледі

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Иван Терзидидің айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Жезқазған – Петропавл» автожолы бойында тоқтатылған автокөлікті  тінту барысында  өсімдік тектес зат салынған 4 қап және түйіншектер табылған. Сот-химиялық зерттеудің қорытындысы бойынша алынған заттар  салмағы  80 келі 285 грамм кептірілген марихуана және 88,09 грамм гашиш болып шыққан.

Есірткі

  Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту, өткізу секілді айыптар тағылып отыр. Уақытша ұстау оқшаулағысына қамалған оның кінәсі дәлелденсе, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге түрмеге тоғытылуы мүмкін.

  Жыл басынан бері  өңірдің тәртіп сақшылары 200 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның 112 грамы – героин.

Солтүстік Қазақстан облысы.