Қазақстан • 03 Тамыз, 2019

Қазақстан әскерінің мергендері әлем үздігі деген атақ үшін бақ сынасуға әзір

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь Республикасының «Брестский» полигонында бұл күндері V  Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде «Мерген шебі» халықаралық байқауына қызу дайындық жүруде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі. 

Қазақстан әскерінің мергендері әлем үздігі деген атақ үшін бақ сынасуға әзір

Жақында ғана жеребе тастау өтті. Қазақстан командасы 20-шы, байқау қожайындары 18-ші, ал ресейлік команда бірінші болып өнер көрсететіні белгілі болды. Одан басқа, барлық қатысушылар қару-жарақ, қажетті керек-жарақ жиынтығын алды және сайысқа дайындықтың шешуші кезеңіне кірісіп кетті. Қазақстандық мергендер қару-жарақтың жиынтықтылығын тексерді, көздеуіш керек-жарақты салыстыра тексерді және оны қалыпты ұрысқа келтіру үшін қаруды атып көрді.

Сайысқа қатысу үшін командалар полигонда өрістетілген медициналық жасақ базасында медициналық тексеруден өтті. Одан кейін байқаудың барлық кезеңдері барысында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақтар өткізілді. Байқауға қатысуға 21 елдің өкілдері ниет білдірді. «Мерген шебі» байқауы «Танк биталоны» жарысынан ғана қалыс қалып, армиялық ойныдардың байқаулары арасында аса қызығушылық пен танымалдылыққа ие екенін айта кеткен жөн.