Экономика • 03 Тамыз, 2019

Британдық ғалымдар Қазақстанда ет өнімділігін арттырады

361 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен «AкТеп» қазақстандық компаниясы мен «Genus Breeding британдық Ltd» компаниясы арасында «Абердин-Ангус» және «Герефорд» тұқымдарының генетикалық өзегін қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды. Келісім бес жыл мерзімге жасалып, қосымша келесі бес жылға ұзарту мүмкіндігін ескереді.

Британдық ғалымдар Қазақстанда ет өнімділігін арттырады

Келісім шеңберінде британдық компания «АкТеп» серіктестігінің бордақылау алаңы және Ақтөбе облысының басқа алаңдарында осы компаниямен бірлесіп жұмыс жасайтын 500-ге жуық серіктестіктерде ірі қара малдың генетикалық сапасын арттыру арқылы ет өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Аталған ген жемнің конверсиясын жақсартуға көмектеседі, яғни егер Қазақстанда орта шамамен 8 кг жемге 1 кг ет өндірілсе, ұсынылған тәсіл арқылы 3 кг жемге 1 кг ет алынады.

«Genus Breeding Ltd» компаниясы 2020 жылы жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласына арнайы маман жіберетін болады. Алдын-ала есептеулер бойынша, жұмыстың алғашқы жылдарында кірістің жыл сайынғы өсуі әр жаңа туған бұзаудан шамамен 50-100 мың теңгені құрайды. Бұл көрсеткішке ірі қара малдың жалпы салмағын ұлғайту, жылдам өсу және жемді үнемдеу арқылы қол жеткізіледі.

Жобаның тартымдылығы – қазақстан тарап үшін жоғары тиімді болып табылады атап өтсек, «Genus Breeding Ltd» компаниясының ақысы, тек бес жыл мерзімінде жыл сайын «АкТеп» компаниясының табысын арттыратын болса ғана төленетін болады. Сыйақы мөлшері қазақстандық компанияның жыл сайын қосымша келген кірісінің 30% құрайды.

Бұл жобаны іске асырудың қоршаған ортаға тигізетін жағымды әсерін атап өткен жөн, ол жемшөптің нақты көлемінің азаюы және ірі қара малдың есею мерзімінің қысқаруы арқылы атмосфераға көмірқышқыл газының шығарылуының төмендеуіне әкеледі.

Сонымен қатар келісім бойынша «Genus Breeding Ltd» «АкТеп» компаниясына өз өнімдері мен үлестірмелерде логотипін белсенді түрде пайдалану құқығын беріп отыр, бұл қазақстандық компанияның халықаралық деңгейде бәсеке қабілеттілігін арттырып, өндірісті арттыру үшін шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл жобаға Қазақ мал шауашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты қызығушылық танытып отыр. Институт қызметкерлерін эмпирикалық талдауға және жасанды ұрықтандырудан бастап мал өсіруге дейінгі бүкіл өндірістік циклді зерттеуге өзінің екі қызметкерін жолдайтын болады. Егер де жобаның айқын артықшылықтары мен экономикалық өміршеңдігі жеткілікті дәлелдермен куәландырылатын болса, онда бұл тәжірибені Қазақстанның басқа аймақтарына кеңейту мәселесі қарастырылады.

Анықтама: «АкТеп» ЖШС аймақтағы 500-ден астам фермалар мен бордақылау алаңдарын біріктіріп, Ақтөбе облысындағы ірі ет экспорттаушы болып табылады. Компания өңдеудің барлық процесін дербес жүзеге асырады: мал өсіруден бастап, мал азығын өндіру, бордақылау, етті қайта өңдеу белгілі бір тұтынушының тапсырысы бойынша дайын өнімді жөнелтуге дейін қызмет көрсетеді. Бұл толық өндірістік циклы бар кәсіпорын, оның «Абердин-Ангус» асыл тұқымды ірі қара 6000 бас малын өсіруге арналған репродукторы, жыл сайын 22 мың бас малды бордақылауға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы кешені, қуаттылығы жылына 7 200 тонна ет өңдеу зауыты бар.