Қазақстан • 03 Тамыз, 2019

Қазақстан әскері «Эльбрус сақинасы-2019» халықаралық сайысының дайындық кезеңінен өтті

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның құрама командасы Қабарда-Балқар Республикасының аумағындағы «Эльбрус сақинасы-2019» байқауына дайындық кезеңдерінен сәтті өтті.

Қазақстан әскері «Эльбрус сақинасы-2019» халықаралық сайысының дайындық кезеңінен өтті

Сайыс қатысушыларымен әскери қызметшілердің жеке дайындығын жетілдіру және бөлімшелерді үйлестіру, жеке құрамды жерсіндіру, қозғалыс маршрутын зерделеу, тауларда құтқаруды үйымдастыруды пысықтау бойынша сабақтар өткізілді. Сайыс барысында топтар бөлімше құрамында Эльбрус тауының шыңына шыға отырып, автономды режимде әртүрлі тау бедерін еңсере отырып, жоғары таулы жағдайларда марш жасайды.  Ойын үш кезеңде өтеді. Онда қатысушылар 14 арнайы тапсырманы орындайды. Бірінші кезең барысында қатысушылар 5 арнайы тапсырманы орындайды, оның ішінде, жеке өрмелеу бойынша сайыс, таулы жерде бағдарлау, тізбекте өрмелеу бойынша сайыс, таудағы кедергілер жолағы және топ құрамында оқ ату. Сайысқа 5 елдің, яғни, Үндістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Марокко Корольдігі, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясының  әскери қызметшілері қатысады. Сайысқа барлығы жоғары таулы жерде тапсырмаларды орындауға тартылатын бөлімшелер құрамынан 70-тен аса адам тартылады. Үздік жоғары таулы бөлімше сайысы тамыздың 3-і мен 17-і аралығында өтетінін естеріңізге сала кетейік.