Әлем • 04 Тамыз, 2019

Техастағы атыстың мән-жайы анықталды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында оқ жаудырған ер адамның ұсталуы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Техастағы атыстың мән-жайы анықталды

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында оқ жаудырған ер адамның ұсталуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Эбботттың айтуынша, сауда орталығындағы атыс туралы ақпарат жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 10.39-да (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 21.39-да) түскен. Полицейлер оқиға орнына алты минуттан кейін келген. 11.06-да (Нұр-сұлтан уақытымен 22.06-да) күдікті ұсталды. Жалпы операция 21 минутқа созылды.

Ер адам тәртіп сақшыларына өзі берілген.

Бұған дейін Техастың батысындағы Эль-Пасо қаласының Walmart сауда орталығында атыс салдарынан 20 адам қаза тапқаны мәлім болған. Қару ұстаған адам 21 жастағы Патрик Крузиос болып шықты. Сауда орталығында оқ атпас бұрын ол өзінің Twitter-дегі парақшасында наурыздың ортасында болған Жаңа Зеландиядағы мешіттерде болған лаңкестік әрекетті қолдап, манифест жариялаған. Бұл қайғылы оқиға 50 адамның өмірін қиған еді.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55