Руханият • 04 Тамыз, 2019

Димаш Құдайберген сериалға жазған саундтректің бейнебаянын таныстырды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Димаш Құдайберген қытайлық «Go, Go Squid» сериалының саундтрегіне арналған бейнебаянды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайберген сериалға жазған саундтректің бейнебаянын таныстырды

«Жуықта менің қытайлық ТВ-сериалға арналған саундтрегім шықты. Сіздердің көңілдеріңізден шығар деген үміттемін», - деп жазды әнші Instagram парақшасында. Бұдан бұрын желіде Couldn't Leave (Кете алмаймын) саундтрегінің релизі жарияланған болатын. Таныстырылым 17 шілдеде түнде болды. Осыдан кейін көп өтпей әннің өзі де әншінің фан клубының парақшасында және «ВКонтакте» әлемжелісінде жарияланды.