Спорт • 04 Тамыз, 2019

Poland Open халықаралық турнирінде балуан қыздар екі медаль жеңіп алды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Варшава қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир жалғасуда.

Poland Open халықаралық турнирінде балуан қыздар екі медаль жеңіп алды

Бүгін кілемге шыққан Қазақстан әйелдер командасының өкілдері екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

50 келіде белдескен Валентина Исламова финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды.

Екінші күміс медальды 59 келіде күрескен Мадина Бақбергенова иеленді.

76 келідегі Эльмира Сыздықова мен Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге таласады.