Аймақтар • 05 Тамыз, 2019

Цифрлы арналар шекарадағы ауылдар үшін маңызды

297 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Цифрлы эфирлік хабар тарату жүйесі Кереку өңіріне де келіп жетті. «Қазтелерадио» АҚ об­лыс­тық филиалының мәлі­метінше, қазір өңірдегі ауыл­дық жерлерде отандық 15, ал қалаларда 27 телеарна тегін көрсетіп тұр. Бұл – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндігі.

Цифрлы арналар шекарадағы ауылдар үшін маңызды

Елімізде аналогты эфирді өшіру және цифрлы эфирлік хабар тара­туға (ЦЭТ) көшу шаралары бекітіл­ген кестеге сәйкес жүргізілуде. Өт­кен жылы Маңғыстау, Жамбыл, Түркі­стан облыстары, Шымкент қаласы­ның тұрғындары сапалы цифрлы телеви­зияға көшкен-ді. Бұрынғы баламалы (аналогты) телетаратылым дәуірі аяқ­талуға жақын. Өмірімізге цифрлы эфирлік телехабар тарату желісі ен­ді. Мемлекеттік хабар таратудың жа­ңа стандарты саналатын цифрлы эфир­лік тарату – бұл «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасының бір бағы­ты. Филиал басшысы Айдар Алға­зин­нің айтуынша, цифрлы жүйеге көшу негізі халықаралық келісім­дерге байланысты іске асуда. 2006 жы­лы Женевада аналогты телехабар тара­тудан цифрлы жүйеге көшу бойын­ша халықаралық конвенция қабыл­данғаны мәлім. Келісімге 100-ден аса ел өкілдері қол қойды, оның ішінде біздің еліміз де бар. Жобаны іске асыру міндеті саладағы ұлттық оператор – «Қазтелерадио» АҚ-ға тапсырылды.

Бұл күндері елімізде цифрлы ха­бар тарату кезең-кезеңімен іске асы­рылуда. Жобаның техника­лық-эко­но­микалық негіздемесі әзірле­ніп, бекі­тілді, тест сынаулары және еуро­па­лық келешегі зор саналатын «DVB-T2» хабар тарату стандарты таң­дал­ды. Павлодар өңіріндегі 385 ауыл­дың 356-сы жаңа форматтағы ха­бар таратумен қамтылған. Өңір бо­йын­ша заманға сай 29 радио-теле­ви­зиялық стансалар (РТС) бар. Шілде айынан бастап өңір жаңа жиілік­тегі стандартқа көшіп, цифрлы тарату іске қосылмақ. Сонымен бірге, басқа өңірлер сияқты біздің өңірде де радиотелевизиялық стансалар (РТС) жаңартылса, «Отау ТВ» жерсеріктік жүйесі тұрғындар үшін қолжетімді. Барлық аудан-қалаларда РТС-тер жаңаша жабдықталды. Бұрынғы ес­кі РТС-тарға орнатылатын әрбір құ­рылғ­ы аналогты жүйедегі 1 ғана ар­наны көрсете алатын. Яғни, әрбір ауданға аналогты 4 отандық телеарна көр­сетілсе, 4 құрылғы қажет еді. Ал қазір цифрлы технология ар­­қы­­лы аудандарға орнатылған бір құ­­ры­л­ғы 15 арнаны көрсетуге мүм­кін­дік беруде. Филиал басшысы Ай­дар Алғазиннің айтуынша, цифрлы эфир таратуға көшу – уақыт талабы. Үкімет цифрлы хабар таратуды ен­гізу еліміздегі индустрияландыру жобаларының бірі деп атады. Цифрлы технологияның келуі экономикалық жағынан өте тиімді. Әрі цифрлы хабар таратуда теледидардағы кескін айқын. Сондай-ақ арналардың дыбысталуы да стерео жүйесімен беріледі.

 Бұл күндері облыстағы 356 ауыл­мен цифрлы эфирлік хабар тарату құ­рыл­ғыларын орнатуға байланыс­ты келісімдер жасалуда. Мұндай мүмкіндігі жоқ 26 шағын ауылдың дені – таулы жерде орналасқан Баян­ауыл ауданына тиесілі. Өйткені стан­салардың хабар таратуына таулар бөгет жасауда. Екіншіден, қазір ауылдарда халықтың азаюуына орай РТС-тарды шағын ауылдарда орнату да экономикалық тұрғыдан тиімді емес. Сондықтан 29 шағын ауыл «Отау ТВ» ұлттық жерсеріктік телевизиялық арналарына қосыла алады.

Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға жаңа кескін­дегі арналарды қабылдайтын цифр­лы құ­рылғыларды орнату аудандар­дың жергілікті бюджеті арқылы қар­­жыландырылуда. «Тұрғындар жа­­ңа­ша форматтағы арналарға қосы­лу үшін бұл жүйені «Отау ТВ»-мен шатас­тыр­мау керек. Енді қымбат жер­­се­ріктік тәрелке орнатудың қажеті жоқ. Өйткені цифрлы арналардың бар­лығы тегін, кабельдік операторға бұл үшін ақша төлемейсіз. Бұл жаңа­шыл жүйелер 2013 жылдан бері шы­ғарылған сұйық кристалды не­месе плаз­малы теледидарларда орна­тыл­ған. Еліміздің байланыс кеңістігі жер-үсті цифрлы хабар тарату­дың еуропалық DVB-T2 стандартын қа­был­дағаны белгілі. Сондықтан үйіңіздегі теледидарда осы стандарт арқылы кәдімгі үйішілік немесе далалық антенналарды қосып, цифрлы арналарды көре аласыз», дейді филиал басшысы.

Жергілікті нарықта Ресейде, Қы­тай­да шығарылған цифрлы қабыл­дағыш­тар сатылуда. Қабылдағыштың DVB-T2 стандары бойынша эфир­лік сигналды қабылдау мүмкіндігі болу керек. Кейбір қабылдағыштарда USB-порт арқылы арнайы антенналар жалғап, Wі-Fi желісіне қосылып, ғаламтордан Youtube секілді видео плат­формаларға шығу қарастырылған. Енді біріне флеш-сақтағыштарды қо­сып, кинофильмдерді көре бересіз. Тіп­ті теледидарыңыз заманға сай болса кей­бір арналарды HD форматында тама­шалайсыз.

Тағы бір мәселе, өңірдің Шарбақ­ты, Успен, Железин, Тереңкөл, Ертіс аудан­дары Ресейдің облыстарымен ше­каралас орналасқан. Цифрлы жүйе­дегі арналардың іске қосылуы осы аумақта тұратын тұрғындар үшін өте маңызды. Бұған дейін шекара ма­ңын­дағы ауылдар Ресейдің жерсеріктік телевизиялық жүйесіне қосылып, өзге елдің ақпараттарын тыңдап, көруге мәжбүр еді. Шекара маңындағы ауыл­дарда ресейлік операторларға қо­сыл­ған абоненттер саны көбейіп кеткен. Ал аудан әкімдері бұл мәселе­нің елі­міздің ақпараттық қауіпсіздігіне тиер салқынын ескеріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізер деген ойдамыз. Тұрғындар отандық цифрлы жүйеге өту арқылы шекара маңындағы аумақтардағы ауылдар отандық 15 арнаны көріп, өзге елдің лицензиясыз арналарынан бас тарта алады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша біздің өңір маусым айында жаңа сигнал таратуға өтті. Тұрғындар қазірден цифрлы жүйеге қосыла алады. Барлық цифрлы РТС-тар толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Бұрынғы аналогты телеха­бар таратып тұрған ескі 76 станса бұ­зы­лып, утилизацияға жіберіледі», дей­ді А.Алғазин.

Бірақ цифрлы эфирлік телехабарға қосылуға қарапайым жұртшылық дайын ба деген сұрақ та мазалайды. Сон­дықтан бұл күндері облыстық филиал, облыстың Ішкі саясат басқар­масы, жергілікті әкімдіктер бір­ле­сіп, ауыл-ауылдарды аралап, ақпа­рат­тық-түсіндіру шараларын жүр­гізуде. Өйткені тұрғындардың д­ұрыс ақпарат алмауынан цифрлы жү­йеге өтуді түсін­бей қалулары әбден мүм­кін. Бірлес­кен топ мүшелері әр үй­ге барып, цифрлы арна­лардың мүм­кіндігін түсіндіріп, жүйені қосып, таныстыруда.

 

Павлодар облысы