Қоғам • 05 Тамыз, 2019

Су еренсіздікті кешірмейді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының жағажайында жедел-құтқару жасағының құтқарушысы бір баланың өмірін сақтап қалды. Ол суға шашалып, батып бара жатқан 11 жастағы баланы жағаға алып шығып, кезекші медбике дер кезінде көмекке келген.

Су еренсіздікті кешірмейді

Пестрое көлінің жағажайында 14 жастағы жасөспірім  тыйым салынған жерге дейін малтып барып, кері қайтарында әлі құрып, өмір мен өлім арасында арпалысқан. Тек  кезекшілік етіп жүрген құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында ғана аман қалған.

Ал Есіл ауданында орын алған мына  жан­түршігерлік  оқиғадан  өзгелер сабақ алуы тиіс. Өзен жағасында демалып  жүрген отба­сы­ның 14 және  16 жастағы қыздары 9 жастағы туысымен су ішінде суретке түсіп, селфи жасамақ болған. Осы сәтте асау толқын ағызып әкеткен. Қыздардың әкесі оларды құтқарғанымен, өзі мерт болды.

Аққайың ауданында 69 жастағы зейнет­кердің, Қызылжар ауданында 31 жастағы жігіт­тің ажалы судан болды.

Жыл басынан бері облыстағы су айдындарында 17 қайғылы жағдай тіркелсе, алтауы шомылу кезінде орын алған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы