Аймақтар • 05 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар жүргізуші куәлігін алды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Равная дорога» автомектебінің тыңдаушылары көптен бері армандаған құжатқа қол жеткізді.

Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар жүргізуші куәлігін алды

Жобаның жетекшісі Сәлімхан  Сәбитовтың бастамасымен ашылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автомектептің түлектері соңғы тестілеу сынақтарын сәтті тапсырды. Енді олар зіңгіттей замандастары секілді жеңіл көлік жүргізуге толық  құқылы.

Темір тұлпар  арнайы қондырғылармен жабдықталған. Қолмен басқару өте ыңғайлы етіп ойластырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің талабы бойынша азаматтардың екі қолы мен бір аяғы жұмыс істеуі қажет», дейді «Равная дорога» ЖШС автомектебінің директоры С. Сәбитов.

Автомектепті тәмамдаған 7 түлектің 4-уі– мүмкіндігі шектеулі жандар. Солардың бірі Алексей Маслов  сынақтан ойдағыдай өтіп, жүргізуші куәлігін иеленді. Сол сияқты Екатерина Залецкая да  көлік жүргізуге рұқсат беретін куәлік алғанына қуанышты. Көлік жүргізу оның  бала кезден бергі  арманы екен. Алайда денсаулығына байланысты бұл мүмкін еместей көрінген. Алғаш рөлге отырған кезде қобалжығанымен, тез үйреніп кеткен.

Жоба жетекішсі Сәлімхан Сәбитовтың алдағы жоспары ауқымды. Осындай бастаманы көрші қалаларда да таратпақ ниетте.

 

Солтүстік Қазақстан облысы