Қоғам • 05 Тамыз, 2019

Арыстағы 6,7 мың үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 тамызға қарай Арыс қаласында 6,7 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2,5 мың ЖТҚ және КПТҮ нысандарында құрылысшылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыстағы 6,7 мың үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Бүгінгі күні 407 жеке үй және 3 көпқабатты үй толық қалпына келтірілді. 17 секторда 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде. Олардың міндеті-тұрғын үй қорының қалған нысандарын 20 тамызға дейін пайдалануға тапсыру.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Арыс қаласында жарылыс толқынынан зардап шеккен барлық үйлердің 90%-ы қалпына келтірілді. Ауқымды құрылысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Республикалық маңызы бар қалалардан келген жұмысшылардың рекордты саны – 8 мыңға жуық маман қатысты.