Видео • 05 Тамыз, 2019

Ресей президенттігіне үміткер атанған қазақ (видео)

1170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Амангелді Төлеев - күтпеген жерден РСФСР президенттігіне үміткер атанған қазақ.

Ресей президенттігіне үміткер атанған қазақ (видео)

«Ешкімнің қолдауынсыз, білімі мен шеберлігі, ақжарқын адалдығы,адамдармен тіл табыса білетін қасиеті арқасында өткен жылдың сәуірінде облыстық Кеңестің төрағасы болып сайланған. Қайласын қоя салып, саясатқа елеңдеген шахтерлері экономикалық ереуілді қару еткен, буырқанған Кузбасты басқару оңай деп кім айтар. Әлжуаз, қабілетсіз біреу болса әлдеқашан орнын тастап жүре берер. Кеткісі келмесе де, наразылар дегеніне жетер. Ал Амангелді ондай болмай шықты. Көктемдегі ереуілдің саны жағынан үшінші болуы мүмкін еді. Оған дейін шахтерлер толқып барып, екі рет райынан қайтты. Кузбасс тынысымен жастайынан таныс басшы еңбек адамдарын қауіпті қадамнан сақтандыра білді. Соңғы ереуілдің жөні басқа. Оған итермелеушілер де, тамыздықты үрлеушілер де көп болған….

Соған қарамастан кузбастықтардың елдегі ахуалға наразылығы әдеттегідей облыс басшысына деген сенімсіздікке ұласқан жоқ. Қайта өлкені, былай қойғанда, бүкіл Ресейді экономикалық және саяси тұйықтан шығарудың бағдарламасын батыл ұсынған Амангелді Молдағазыұлын қолдаушылар қатары көбейе түсті».

«Социалистік Қазақстан» газетінің 1991 жылғы 1 маусымдағы санына шыққан мақала. Авторы Тілекқабыл Боранғалиұлы.