Экономика • 06 Тамыз, 2019

170 млн тонна көмір өндірді

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның кеншілері разрездің негізі қаланғаннан бері 170 млн тонна көмір өндіріп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Айтулы межені «Центральный» разрезіндегі құрамында машинист Ахмадия Ахметов пен оның көмекшісі Николай Затонный бар «ЭКГ-5» экскаватор бригадасы алғашқы болып бағындырды.

170 млн тонна көмір өндірді

Кәсіпорын кеншілері бұл рекорд­тық көрсеткішті Еура­зия­лық Топтың (ERG) 25 жыл­дығына арнады.

«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның пре­зиденті Андрей Са­фонов аталған өндірістік жетіс­тікті күллі ұжымның жос­­пар­лы және толыққанды жұмысының нәтижесі деп санайды. Кәсіпорынның былтырғы өндірістік көрсеткіші де өте жоғары болған. Мысалы, 2018 жылдың қорытындысы бо­йынша шұбаркөлдік кеншілер 11 млн 600 мың тонна көмір өндірді.

Қазіргі таңда «Шұбаркөл кө­мір» АҚ инвестициялық бағдар­ла­ма аясында өндіріс тиімді­лі­гін арттыруға қомақты үлес қоса­тын тау-кен жабдығы пар­кін жаңартуды қолға алған. Мыса­лы, 2019 жылдың бірінші жарты­­сын­да ғана кәсіпорынның авто­кө­лік паркі 11 ауыр жүк таситын Caterpillar 777E көлігімен жә­не 18 дана қосалқы техника­мен то­лықты. Оның ішінде мобил­ь­ді автошеберханалар, авто­гидро­­көтергіштер, су тасығыш, вах­та­лық автобустар бар. Биыл  тех­ни­камен қайта қамтамасыз ету ісі аясында пайдалану мерзі­мі аяқ­талған екі «ЭКГ-5А» маши­на­сы­ның орнына шөміш көлемі 11 м3 HITACHI EX-1900 экс­ка­ва­торы жұмыс істей бастады. Соны­мен қатар темір жол инф­ра­­құрылымын жаңарту бойынша да ауқымды жұмыс атқарылуда.

Еске салсақ, «Шұбаркөл кө­мір» АҚ – Қазақстандағы жо­ға­­­ры калориялы және күлді­лігі тө­­мен көмір өндіруші ірі кәсіп­орын. Өндіріс ошағы, сондай-ақ кокс газынан арнайы кокс пен элек­тр энергиясын өндірумен де айналысады.

 

Қарағанды облысы